Мен қыз іздеймін... Үзіліп-ақ тұратын сызылып-ақ, Иманды болу керек жүзі бірақ. Бойынан ойы биік қыз іздеймін, Тілі қысқа, етегі ұзынырақ. Мен қыз іздеймін... Көп көзіне түсуге ұялатын, Мені ғана жүрекпен сүйе алатын. Әке-шешем мақтанып қонағына, \"Мынау менің келінім\" дей алатын. Мен қыз іздеймін... Әңгіменің айтатын шын-айқынын, Жындылау мінезіме шыдайтұғын. Мені біреу жамандап отырғанын, Естіп қалса еңкілдеп жылайтұғын. Мен қыз іздеймін... Біреудің байлығына қарамайтын, Мендегі бар нәрсені бағалайтын. \"Ерім ғой\" деп алдымда бас иетін, Өзін менен ақылды санамайтын. Мен қыз іздеймін... Жүректе Алла, аузында тәубасы бар, Араласа бермейтін дауға шұбар. Жоқ нәрсені іздеу де қиын екен, Бірақ, оны кім білсін бар да шығар...

Теги других блогов: любовь поэзия искание